Размер шрифта:

№9 жалпы білім бертін мектебінде өткізілген ата-аналар жиналысының ақпараты

Дата: 2024-09-09 10:34:18
№9 жалпы білім бертін  мектебінде өткізілген ата-аналар жиналысының ақпараты

     №9 жалпы білім беретін мектебінде 06.09.24 күні «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» тақырыбында 1-11 сыныптың  ата-аналарына жиналыс өтті. Жиналыста мектеп директоры Д.Жолдасова,  Балқаш қаласы  ЖПКБ ЮПТ  учаскелік полиция аға  капитаны   Нұрбек Аян Алтайұлы,  директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова  әлеуметтік педагог  Ж.Төлеген  «Ұлағат» әкелер кеңесі, «Мейірім» аналар мектебінің   мүшелері қатысты.    Мектеп директоры Д.Жолдасова биылғы оқу жылындағы оқу үрдісі бойынша ерекшеліктерге тоқталып өтті.  Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтіп жатқанын ескертті.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған орай 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізіліп, болып жатқан өзгерістерді айтып өтті. «Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау» жобалары бойынша жұмыстар   айтылды. Мектептің ішкі тәртіп ережесі, мектеп формасына қойылатын талаптарға тоқталып өтті. Ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі, нашақорлық   ата –ананың заң алдындағы жауапкершілігі жайында ақпарат берілді. 7-9 сынып ата аналарына «Мамандық таңдауға жеті қадам» тақырыбында баяндама оқылды.Тамақтануды ұйымдастыру  және тегін ыстық тамақпен қаматамасыз ету уақыттары хабарланды.

Автор: №9 ОМ