Размер шрифта:

«Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі»

Дата: 2024-09-06 15:55:44
«Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі»
Мектебімізде 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап екі апталық ас мәзірі бойынша бастауыш сыныптар тегін тамақтанады. Сонымен қатар «Bilimal.Элетронды мектеп» арқылы өтініш берген 5-11 сынып ата –аналары өтініштері қабылданған күннен бастап тегін тамақтанады. 
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Автор: №9 ОМ