Размер шрифта:

Ақпарат

Дата: 2024-04-09 15:25:07
Ақпарат

Балқаш қаласы білім бөлімінің №9 жалпы білім беретін мектебінде Академик Қаныш Имантайұлы  Сәтбаевтің туғанына  125 жыл толуына орай өтілген жаратылыстану апталығында химия  пәнінің мұғалімі Абдыгаппарова Диана Жумагалиевна "Химия пәнінен 8сыныптар арасында білімділер сайысы “ атты білім тексеру алаңын өткізді. Оқушылар жыл бойы алған білімдерін сайыста көрсетті. Сайыс 7бөлімнен тұрды: 1 бөлім таныстыру, 2 бөлім "Жорға" сұрақтарға жауап, 3 бөлім "Полиглот", 4бөлім "Ғажайып химия"деңгейлік тапсырмалар орындау, 5бөлім "Бейорганикалық қосылыстар", 6 бөлім Шарөзекті модельдермен жұмыс. Кеңістіктегі молекулалар бейнесі.7бөлім Қ.И.Сәтбаевтің ғылымға сіңірген еңбегі туралы постер қорғау. Оқушылар химия пәнінен қызықты тапсырмаларды орындай отырып, химиялық тілді меңгергендігін байқатты. Тапсырмаларды шығармашылықпен орындады. Сайыстың барысында 8ә сыныбы жеңіске жетті.

Автор: №9 ОМ