Ақпарат
Дата: 2024-02-19 08:44:08
Мектебімізде 16.02.24 күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында, «Әр нәрсенің өлшемі бар...»тақырыбында 5-9 сыныптарда ата-аналарға дәріс өтті.Дәріс барысында ата-аналардың жасөспірімнің талаптары мен қалауы арасындағы тепе-теңдікті ұстау қабілетін дамыту, ата-аналар мен балалар арасындағы жағымды қарым-қатынасты дамыту жайында ойлары тыңдалды.Жасөспірім дағдарысы өзін-өзі дамыту арқылы басқалармен қарым-қатынастың өзгеруімен сипатталады. Балалар өздеріне және ересектерге жоғары талаптар қояды, бірақ жауапкершілікті көтере алмайды, сәтсіздіктерді өз бетінше жеңе алмайды. Дағдарыс кезеңінің барысы сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығымен анықталатындығына тоқталды.