«Ұлағат» әкелер ұйымының жұмысының ақпарат
Мектебімізде 05.02.24 күні «Әке жолы – ізгі жол» әкелер айлығының жоспарына сәйкес «Ұлағат» әкелер ұйымының жетекшісі Р.Кашымбекованың ұйымдастыруымен 1-4 сыныптың әкелерімен сайыс өтті. Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту мақсатында ұйымдастырылды.Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Қазылар алқасының анықтауы бойынша, ерекше қырынан танылған отбасылар ретінде жеңімпаздар белгілі болып, марапаттауға ие болды. Құттықтаймыз!
- 1 «А» сынып оқушысы Сейлхан Асылым әкесімен «ІІ орын»
- 1 «Ә» сынып оқушысы Данияр Кәусар әкесімен «І орын»
- 1 «Б» сынып оқушысы Қанат Мерей әкесімен «ІІ орын»
- 2 «А» сынып оқушысы Абдулкарим Раяна әкесімен «ІІ орын»
- 2 «Ә» сынып оқушысы Бауыржанқызы Айша әкесімен «ІІ орын»
- 2 «Б» сынып оқушысы Өмірғали Айша әкесімен «Бас жүлде»
- 4 «Б» сынып оқушысы Кардабаева Айсара әкесімен ІІ орындармен марпатталды.
Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы ӘКЕ үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ.