Размер шрифта:

Ақпарат

Дата: 2024-02-02 16:13:08
Ақпарат
30 қаңтар күні «Бастауыш - білім негізі» тақырыбындағы бастауыш бірлестігінің айлығы аясында 1 “Ә” сыныбында Аханова А.К. ана тілі пәнінен «Буын. Алматы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің қолдауымен орнына қоя білу. Дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу. Буын санын анықтау. Сабақ психологиялық ахуал қалыптастырудан басталды. Фортуна дөңгелектерімен үй тапсырмасын сұрақ жауап арқылы қайталап өтті. Мәтінмен жұмыста мәтінді тізбектей, хормен оқыды. Тақпақ жаттауда ассоциация тәсілін қолданды. Топпен жұмыста бір топ жуан жіңішке сөздерді ажырата білді, екінші топ сөз жұмбақ шешті, үшінші топ қиылған буындардан сөздер құрады. Жұптық жұмыс сәйкестендіру болды. Қалыптастырушы бағалау және қар жинау ойынымен сабақты қорытындылады. Кері байланыста балалардың сабақтың түсінгені жайлы мәлімет берілді. #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb # меньше
Автор: №9 ОМ