Ақпарат
Дата: 2024-01-23 08:50:05
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Ұлттық мүдде», «Талап» ұлттық құндылығын қалыптастыру мақсатында 22.01.24 күні 1 «А» сыныбында «Ата -аналар мектебі» жобасы аясында «Отбасылық таланттар» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа 4 отбасы мүшелері қатысты. Сайыс ІІІ кезеңде өтті.
1.Таныстыру кезеңі
2. Өз өнерін көрсету
3. «Сіз қандай ата-анасыз?» атты психологиялық сауалнама
4.Тренинг. Ата- аналар «Мен өз отбасымды...» кез келген заттан мүсін жасап идеяны қорғады. «Әке -асқар тау, ана-бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» дейді. Бүгінгі сайысымызда ата- ананың отбасындағы беретін тәрбиесінің қазіргі таңда өзекті екені және әр баланың өз отбасындағы жеке тұлға болып дамуына нені қажет ететіні туралы ойларымен бөлісті.