Ақпарат

Дата: 2024-01-17 15:11:31
Ақпарат
Мектебімізде 16.01.24 күні «Мейірім» аналар мектебінің жетекшісі Аханова А.К Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында, «Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны» тақырыбында аналар арасында дәріс сабақ өткізді. Дәріс барысында аналарға құмар ойындарға тәуелділік - бұл адамның өзіне ғана емес, сонымен бірге оның қоршаған ортасына да бірқатар ауыр зардаптарды тудыратын психикалық ауру, компьютерлік ойындарға тәуелділік, әдетте, демалуға зиянсыз сияқты көрінеді. Біртіндеп виртуалды әлем адамның сана-сезімін иеленетіні соншалық, ол бір минут ойынсыз өмір сүре алмайды. Құмар ойындарға тәуелділіктің бар екенін тану қиын емес екенін айтып өтті. Аналарға психологиялық тренинг өткізіп, бала тәрбиесіне қатысты түрлі кеңестер беріп, сауалнамалар алынып, ойындар жүргізілді өз ойларын ортаға салды.
Автор: №9 ОМ