Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабағының ақпараты
Дата: 2023-12-08 15:54:24
Мектебімізде 07.12.23 күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында , «Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы» тақырыбында сынып жетекші Г.Алтаева 10-11 сынып ата -аналарына дәріс өткізді. Ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу жолдарын дамыту жайында ақпараттар беріліп, топтық тапсырмалар орындалды. Отбасындағы тәрбиенің, құндылық мәдениетінің мақсаты – жаңа ұрпақтың өмірін ортақ мәңгілік игіліктермен байланыстыру және олардың маңызды бірлігін қалпына келтіру. Бұл баланың халық даналығын, халқымыздың мәдениетінің салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етеді. Осылайша, қай жағдайда да қазақ отбасы бала кезінен өз заманының азаматын қалыптастырған білім ордасы болып қала береді.