Ақпарат

Дата: 2023-12-01 18:26:41
Ақпарат
«№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Інжу» шағын орталығында «Біртұтас тәрбие» мемлекеттік бағдарлама аясында «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП» қалалық семинары өтті. Семинарға 19 мектепке дейінгі мекеме өкілдері қатысты. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Ботакөз Келгенбаевна сөз сөйлеп семинарды ашып берді. Келесі сөз кезегі мектеп директоры Дина Турсыновнаға берілді. Педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, семинарда отбасылық дәстүр мен ұлттық тәлім-тәрбие тақырыптарына қатысты көрме ұйымдастырылды. «Інжу» шағын орталығының атынан Аманова Ұлжан Жусипбековна «Ұлттық тәрбие – ұлт келешегі» атты тақырыпта жоба қорғады. Өз тәжірибесінде қолданған ұлттық ойын түрлерімен таныстырды. Ойындарын келген қонақтарға ойнатты
Автор: №9 ОМ