Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның тексеріс ақпараты

Дата: 2023-11-24 17:40:48
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның тексеріс ақпараты
2023 жылдың 24 қарашасы күні мектеп директоры Д.Жолдасова, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссия мүшелері мектеп асханасына тексеріс жүргізді. Асханада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары бұзылмағаны анықталды. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талаптарға сай. Азық –түлікті сақтау температурасының нормасы сақталынған. Қарағандыоблысыбілім09
#ҚОББтәрбие 
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolim
Автор: №9 ОМ