Ақпарат
13.11.23 күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіре отырып («Еңбегі адал жас өрен» жобасы) аясында «Оян, ар мен адалдық» тақырыбында сынып сағаттары өтті.Сынып сағаттарына «Мейірім» аналар мектебінің аналары қатысты. «Оян, ар мен адалдық» деген тақырып мәнін түсіндіру арқылы оқушылар жаңа ақпараттан пайымдаған ой пікірлерін жалғастырып,ары таза адал адам мәнді өмір сүретінін тусіндіру мақсатын жүзеге асырылды. Адалдық әр адамның өзін де,өзгені де сыйлауын көрсетеді. Адалдық бар жерде адам өзіне де, өзгеге де шындықты айтады,оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.Адал болу тек қана өтірік айтпау емес,шындыққа ешбір қалтықсыз сену. Адалдық біздің жан дүниемізден басталады. Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туатындығы жайында ақпараттар берілді.