«Балбөбек», «Балдәурен» орта топтарында ата-аналар жиналысы
«Інжу» шағын орталығының, «Балбөбек», «Балдәурен» орта топтарында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты топ тәрбиешілері Г.У. Кейкибаева, Г.Ш. Ерембекова, М.Т. Керимбекова, А.К. Адильбекова және педагог-психолог Т.Ж. Омарова жүргізді. Жиналыс психологтың тренингімен басталды. Тренинг тақырыбы: «Ананың алақаны балаға – айдынды қоныс». Тренинг мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру; тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым-қатынасын жақсарту; бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
Тренингке барлық ата-аналар белсенді қатысты. Берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындады. Ойындарға белсенді атсалысты. Тренинг көңілді болды.
Жиналыс барысында ата-аналар бір-бірімен танысып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Шағын орталық ережелерімен, тәртібімен танысты. Ата-аналар шағын орталық ішін аралап, топтардың жағдайларын көріп шықты. Ата-аналар тарапынан шағын орталыққа шағым болған жоқ. Жиналыс ата-аналар мен педагогтардың бір-біріне алғыс айтуымен аяқталды.