№9 ЖББ мектебінде ардагерлер күніне орай өткізілген сынып сағатының ақпараты
Дата: 2023-09-26 12:55:46
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Өмірінің көбі кетіп, азы қалған ардагер қарттарымызға құрмет көрсету мақсатында мектебімізде 25-қыркүйек күні «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.