«Қайырымдылық-жылы жүректен!» атты қайырымдылық концерт ақпраты
Қайырымдылық – халқымыздың қанына сіңген игі қасиет. Оны жоғалтып алмау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – біздің басты борышымыз. Бүгінде мектебімізде «Біреу – біреуге сүйеу» деген ұстанымды ұстанып, қайырлы істің ұршығын иірген жастарымыз жетерлік.
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 11 сынып түлектерінің және Қамқоршылық кеңестің ұйымдастыруымен 18.05.23 күні «Қайырымдылық-жылы жүректен!» атты қайырымдылық концерті өтті.
Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына лагерьлерге жолдама беру.
Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей қайырымдылыққа ата- аналар, ұстаздар, оқушылар үлестерін қосты.