Ақпарат
Дата: 2023-04-13 09:06:14
7а сынып оқушыларының арасында жаратылыстану пәндері апталығына байланысты физика пәнінен “Физикалық калейдоскоп” атты сабақтан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушылардың физика пәнінен алған білімін толықтырып, жетілдіру. Тақырыптарға құрылған сұрақтарға жауап беру, физикалық құбылыстарды анықтап, оның ғылыми негізін түсіндіру. Оқушылар іс- шараға белсене қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Соңғы кезеңде әр топ “жаратылыстану” деген сөзден қаншалықты көп сөздер құрастыруы керек болатын. 1-топ 12 сөз құрастырып жеңіске жетті. Жауапты физика пәні мұғалімі Гүлфархат Хамиевна Алтаева
#gulsimkozhahmetova
#bahyt_himaldin
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash