Ақпарат

Дата: 2023-04-13 09:06:14
Ақпарат

7а сынып оқушыларының арасында жаратылыстану пәндері апталығына байланысты физика пәнінен “Физикалық калейдоскоп” атты сабақтан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушылардың физика пәнінен алған білімін толықтырып, жетілдіру. Тақырыптарға құрылған сұрақтарға жауап беру,  физикалық құбылыстарды анықтап, оның ғылыми негізін түсіндіру. Оқушылар іс- шараға белсене қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Соңғы кезеңде әр топ  “жаратылыстану” деген сөзден қаншалықты көп сөздер құрастыруы керек болатын. 1-топ 12 сөз құрастырып жеңіске жетті. Жауапты физика пәні мұғалімі Гүлфархат Хамиевна Алтаева

#gulsimkozhahmetova

#bahyt_himaldin

#balkash_qalasy_bilim_bolimi

#goroo_balkash

Автор: №9 ОМ