Размер шрифта:

«Бірге оқимыз: мұғалімдер мен мектептің кәсіби дамуы» тақырыбында Мектеп күні өткізілді

Дата: 2023-04-03 08:12:06
«Бірге оқимыз: мұғалімдер мен мектептің кәсіби дамуы» тақырыбында Мектеп күні өткізілді

2022-2023 оқу жылының 31 наурызында жоспарға сәйкес Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Бірге оқимыз: мұғалімдер мен мектептің кәсіби дамуы» тақырыбында Мектеп күні өткізілді.

1 блок бойынша С. Т. Ботаханова және Д. К. Шакирова «Іс-әрекетті зерттеу – кәсіби дамуға апаратын жол» және Ж. Ж. Шубаева мен Г. С. Козгуренова «Лессон стади – мұғалімдер ынтымақтастығының кілті» тақырыбында коучинг өткізді.

2 болк бойынша «Жаңа есімдер» бөлімі аясында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Ақтолқын Нұрәділқызы Арынханова 3а сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Таза бұлақ» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мектепке дейінгі білімнің енгізілген жаңа стандарт талаптырна сәйкес мектепалды даярлық тәрбиешісі М.Б. Есенова «Кеңістікті бағдарлау» және «Інжу» шағын орталығының тәрбиешісі Г.У. Кейкибаева «Өсімдіктер әлемі» тақырыптарында ашық сабақ өткізді.

3 болк «Інжу» шағын орталығы ересек тобының «Ерте жас балаларының экологиялық мәдениетін дамыту» жобасымен басталды. Жауапты – Т.Ж. Омарова.  STEAM-лаборатория кабинетінде 10а сынып оқушысы Бөде Жұлдыз «Ішіп жүрген шырынның пайдасы» ғылыми жобасын теориялық және практикалық жағынан толықтай аша білді. Жетекшісі химия пәні мұғалімі - Д.Ж. Абдыгаппарова. 5а сынып оқушысы Қайрат Назым «Қазақтың ұлттық ыдысы - Саба» жобасын қорғады. Жетекшісі -  А.М. Айгалиева. 9 сынып оқушылары Абдирова Мөлдір және Сабар Сабина «Туған өлке сырлары. Шоқан ізімен» жобасы аясында өлкеміздің көрікті жерлеріне жасаған экспедициясы туралы айтып өтті. Жетекшілері О.А. Сауриков және Г.Х. Рахмет.

4 блок. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Білім көзі кітапта» тақырыбында жоба қорғалды. Жоба өз мақсатына жетті. Көрмеде оқушылардың жасаған жинақтары жайлы айтылып, көрме таныстырылды. Жобаның қорғаған 7Б сынып оқушысы Бөде Әйгерім. Жетекшісі Исабаева Б.Н. Бұл жұмыс мектебіміздің Акт залында «Казақтың мақтанышы» тақырыбындағы бастауыш сыныбының керемет қойылымымен жалғасты. Жоғарғы буын оқушылары «Шоқтығы биік  Шоқан» драмалық қойылымын ортаға салды. Оқуға құштар мектеп блогы «Кітап  - білім бұлағы» тақырыбында үгіт-насихат тобы жұмысымен өз мәресіне жетті.

Білім бөлімі тарапынан және қала мектептерінен келген қонақтар №9 жалпы білім беретін мектептің жұмысына жоғары бағасын қойып, ұсыныстары мен алғысын білдірді. Мектеп директоры Д.Т. Жолдасованың басшылығымен ұйымдастырылған Мектеп күні мерекесінде оқушыларымыз бен ұжым мүшелері мектеп намысын қорғап, өз жұмыстарын жоғары дәрежеде көрсете білді.

 

Автор: №9 ОМ