«Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай білген жүрекке» сынып сағатының ақпараты
Дата: 2023-02-06 10:42:11
06.02.23 күні «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай білген жүрекке» тақырыбында 2-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу мақсатында өтті. Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты. Біз еліміздің ғылымы мен технологиясының дамуына, «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асыруға үлесімізді қосу үшін болашақ мамандығымызды дұрыс таңдай білуіміз керек екен түсіндіріп өтті.