«Менің құқықтарым- менің міндеттерім» сынып сағаттарының ақпараты
Мектебімізде 23.01.23 күні 1-11 сынып жетекшілері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «Менің құқықтарым- менің міндеттерім» сынып сағаттары жиын өтті. Жиынға Балқаш қаласы ЖПКБ ЮПТ учаскелік полиция аға лейтенанты Нұрбек А. А. қатысты.
Сынып сағаттарында отбасы заңдылықтары, патриотизм, заң дегеніміз не, құқық бұзушылық жасаған адамға қолданылатын әкімшілік жаза туралы айтылды. Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер. Қоғамдағы тыныш өмірді қамтамасыз ету үшін барлығымыз заңға бағынуға тиіспіз. Заңның түрлері көп екенін білесіздер, бірақ сол көп заңның барлығы Ата Заңымыздың негізінде жасалады. Сондықтан негізгі заңды елдің туы ,әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз екені айтылды.