№9 жалпы білім беретін мектебінде 15.11.22 күні өткізілген ата-аналар жиналысының ақпараты
№9 жалпы білім беретін мектебінде «Бала құқығы –адам құқығы», сонымен қатар «Қатыгездіксіз және зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» Республикалық ақпараттық науқанының аясында «Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық» тақырыбында 1-11 сыныптың ата –аналарына 15.11.22 ж. күні ZOOM платформасы арқылы ата- аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп директоры Д.Жолдасова, қала прокурорының прокуроры ,Куанышбек А. ЖПКБ ЮПТ аға лейтенанты А.А. Нұрбек,құтқарушылар орталығының медбиекесі Б.С. Абжанова, №1 поликлиника қызметкері, алдын алу бөлімінің меңгерушісі Омаров В.А. «Ұлағат» әкелер кеңесі, «Мейірім» аналар мектебінің мүшелері, қатысты. Барлық қатысқан ата – аналар саны –91 .
Күн тәртібінде:
1. «Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық»
2.«Құқық бұзушылық пен оқушылардың зиянды әдеттерінің алдын алу»
3.Қыс мезгіліндегі мұздағы қауіпсіздік ережелері 4. Жасөспірімдердің нашақорлығы - қазіргі қоғамның қасіреті сұрақтары қамтылды.
Ата- аналарға оқушылардың қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар беріліп алдын алу жұмыстары жүргізілді.Балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және бала құқығын қорғау туралы негізгі сұрақтары қамтылды.Баланың мектептегі, көшедегі өзін ұстау қағидалары, күнделікті өмірдегі негізгі құқықтары туралы ақпараттар берілді. Жасөспірімдердің түнгі уақыттағы заңды өкілінсіз жүруіне тиым салынатындығы туралы, құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі ,түнгі уақытта ойын –сауық жерлерінде, кафелерде, саябақтарда жүруі, ұсақ бұзақылық, сабақты себепсіз босатуы,балалардың сіріңкемен ойнауы, сөндірілмеген көмірлер, темекі шегу кезінде абайсыздық, электр техникалық құрылғыларды, газ аспаптары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жайында, қыс мезгіліндегі ауа-райының өзгеруіне байланысты сабақтардың ұйымдастырылуы, мұздағы қауіпсіздік ережелері жайында ақпараттар берілді.Нашақорлықтын алды алу, біздің ортақ мақсатымыз – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу. Балалардың есірткі ортасына түсіп кетпей, оларға дер кезінде қорған болу үшін мінез - құлқындағы психологиялық өзгерістерге баса назар аудару өте маңызды екенін айтылды.