Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның тексеріс ақпараты
Дата: 2022-11-14 14:56:13
2022 жылдың қараша айының 14 күні мектеп директоры Д.Жолдасова, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссия мүшелері мен ата –аналар комитетінің мүшелері А.Аманжолова, Т.Азимханова, С.Исабекова, А.Махаметчина мектеп асханасына тексеріс жүргізді. Асханада балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары бұзылмағаны анықталды. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талаптарға сай. Азық –түлікті сақтау температурасының нормасы сақталынған.