«Түнгі қала балалары» атты рейдтік іс –шараның ақпараты
Дата: 2022-11-01 10:57:32
![«Түнгі қала балалары» атты рейдтік іс –шараның ақпараты](/media/img/blog/6360a6dcd1903.jpeg)
Күзгі демалыс уақытында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында 2022 жылдың 31 қазаны күні мектеп мұғалімдері сағат 20.00 - 23.00 уақыт аралығында «Түнгі қала балалары» атты рейдтік шара ұйымдастырды.
Рейдтер мектебіміздің маңындағы компьютерлік клубтарға, кафелерге, ойын-сауық мекемелеріне, көл жағасына, көп қабатты үйлердің ауласына, яғни Ленина, Алимжанова, Бөкейханова, Сейфуллина, Желтоқсан көшелерінде, жертөрелерде және орталық саябақтарда ұйымдастырылды.
Рейд барысында құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған балалар кездескен жоқ.
#балаларжылы09
#годребенка09