«Жалпы құқықтық білім беру»

Дата: 2022-09-01 13:09:10
«Жалпы құқықтық білім беру»
2022 жылдың 1 қыркүйегі күні «Жалпы құқықтық білім беру» тақырыбында Балқаш қаласы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі полиция майоры Жолданова Асель Мерекеқызы 9-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Мақсаты:құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде — өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндіру. Құқықтық тәрбие беру жан — жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, ұрлық жасамауға, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі. #балаларжылы09 #годдетей09
Автор: №9 ОМ