№9 ЖББ мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің ІІ ауысымда өткізілген іс-шаралар ақпараты
Дата: 2022-06-14 14:59:01
13 мен 21 маусым аралығында облыс аймағында өтетін «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы аясында №9 ЖББ мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінде 14 маусым күні І,ІІ топтар арасында оқушылармен іс-шара өткізілді.Іс-шара барысында балалар берілген тақырып бойынша суреттер салды,плакаттар шығарды,өз ойларын ортаға салды.
Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
#МОНРК #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @kp_balkhash @go_balkhash @in_balkhash @balqash @orken.media @balkhashtv @severnoe_pribalkhashe_news @balqash_oniri_gazeti @balqash_qalasy_akimdigi #балаларжылы09 #годребенка09