Жазғы мектеп

Дата: 2022-06-09 16:52:00
Жазғы мектеп
09.06.2022жылы №9 ЖББ мектебі КММ-де «Жазғы мектеп-2022» 1-4 сыныптар күнделікті жұмысын жалғастырды. Бұл күнгі сабағымыз мектебіміздің география пәнінің мұғалімі Рахмет Гүлназбен бірлесе отырып өткізілді. Оқушылар саяхатқа шығу кезінде тұсбағдарды қолдануды үйренді. Өздерінің алған білімдерін толықтырды. Сонымен қатар, оқушылар берілген жол бағыттарымен жүре отырып, түрлі сұрақтар мен тапсырмаларды топ бойынша қызыға орындады. Сабаққа оқушылар зор ықыласпен қатысты. #жазғы мектеп_2022 #летняяшкола_2022 #балалар жылы09 #ҚОББТӘРБИЕ @go_balkhash
Автор: №9 ОМ