«Педагогиалық әдеп» тақырыбында директор жанындағы жиналыс
Дата: 2021-11-18 08:38:07
17 қараша 2021 ж мектеп ұжымымен «Педагогиалық әдеп» тақырыбында директор жанындағы жиналыс өткізілді. Бұл кездесуде педагогтардың өзін өзі ұстауы, сөйлеу әдебін сақтау керектігі ескертілді. Сонымен бірге оқушылармен ата-аналармен де этикалық тәртіпті сақтай білу мәселелерін сөз етті.
Тәрбие бағытында бойынша қатысушыларға физикалық, моральдық, психологиялық зорлық-зомбылық әдеттерін қолдануға жол берілмейтіндігі;
Әріптестіктерінің сеніміне қиянат жасауға, кәсіби міндеттеріне араласуға, қандайда зиян келтіруге кез келген нысанда жол берілмейді.
Кәсіби ынтымақтастық жалғандық пен әділетсіздікті ақтау бола алмайды;
Жиналыста Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес Педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау туралы шешім қабылданды.