«Мейірімді жүрек» қамқоршылар күнінің ақпараты
Дата: 2021-10-28 14:12:06
2021 жылдың 27 қазаны күні мектебімізде «Мейірімді жүрек» қамқоршылар күні аталып өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – қамқорлыққа алынған балалардың қоршаған ортада өзін еркін сезінуіне, жүрек жылуына бөленуіне және сыртқы ортамен жақсы қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызу және мептеп пен қамқоршы ата-ана арасында тығыз байланыс орнату. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. 29 қазан – Қамқоршылар күні. Қамқоршы - түрлі себептермен ата - ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге алып, өздеріне үлкен жауапкершілікті артып жүрген адамдар. Бұл мереке соларға арналған мереке, оларға ризашылық білдіру, оларды қолдау мақсатында аталып өтеді. Осындай батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген ата-аналарға арналып Қазақстан Республикасында 2009 жылдан бастап «Қамқоршы күнін» мерекелеу дәстүрге айналды. Мектебімізде екі қамқоршы ата –ана бар. Олар:
1. Садвакасов Арманның қамқоршысы - Садвакасова Сакежан Алимгазыевна;
2.Айтпаева Аминаның қамқоршысы - Ерубай Қарлығаш Серікқызы.
Қамқоршы ата-аналардың үйлеріне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог барып, алғыс хатпен марапаттап, құтықтап өтті.