Қамқоршылар кеңесінің хаттамасы

Дата: 2018-05-23 13:41:55

                                                            Хаттама

ЖББ  №8 орта мектебінің қамқоршылық кеңесі жиналысының 

жиналысы

                                                                                        15.05.2018 ж.

Қатысты:  15 ата-ана

Күн тәртібі:

1.     «Қамқоршылық кеңесі» тобының атқарған жұмысының жылдық есебі

                             Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы Муханова З

2.     мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту.

Жаңа  оқу жылына  жұмыс жоспарын жобалау туралы

                              Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Саттыбаева Н

 

       Тыңдалды:

   1. 1-ші  мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрайымы  жыл бойы атқарылған  іс –шаралар бойынша   ақпар берді. Онда  мектептің мерекелік іс-шараларына  белсенді  түрде  кеңес мүшелерінің қатысқаны туралы және  сабақ кестесін бекіту, тоқсан сайын кеңес отырыстары өткізілгені туралы айтылды. Кеңес білім беру ұйымдарын дамытудың басым бағыттары бойынша және білім беру ұйымы басшысының есептерін тыңдауға қатыстырылды.

2.«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының жаңа редакциясымен таныстыру. ҚР БҒМ 2018 жылғы 8 ақпандағы № 43 бұйрығымен толықтырулар енгізілгені туралы айтып, қамқоршылық  кеңесінің  құрамы құрылып, ата-аналарды 2017-2018 оқу жылындағы мектептің Қамқоршылық кеңесінің қызметін тағы бір айтып өтті. Мектептегі  Қамқоршылық кеңесінің өкіліне Г.Исабаеваға  сөз беріліп, кеңестің құрамына: әрбір параллель сыныптардан, курстардан бір-бір ата-анадан; қайырымдылық жасаушылар кіріккенін айтты. Жаңа  оқу жылында кеңес жоспарын жасап, жұмысты күшейту керек екендігін  ескерді және  кеңес мүшелерін   белсенді болуға шақырды.

Қаулы:      мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту жұмысы жалғасын тапсын.

 

                                             Хатшы: Мустапаева Ж.