"Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан"
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласына пікір
Жаңа қоғамның жанашыры, әлемдік мәдениеттің тұлғасы, халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойды мемлекет көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де аталып өтетіні өте қуантарлық жағдай. Қоғамдық сананы одан әрі қайта жаңғырту мақсатына орай Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көргені баршамызға аян,сол себепті халқымыздың санасын жаңғырту арқылы мемлекетіміздің дамуына жол ашылады. Осыған орай егеменді елдің тәуелсіздігі мен теңдігін нығайтып,ұштастырып жатқан бүгінгі ұрпаққа Абай болмыс-бітімімен, ділмәр даралығымен, ерекше даналығымен құнды.Абай қазақтың елдігі мен еңселегін қалады, еркіндігі мен егемендігін аңсады. Сол үшін қазақты сынай отырып,оның қадір-қасиетін көтерді, соған күш салды. Оныңмол мұрасыәрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі болмақ.
Сонымен қатар президентіміз мақаласында «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы – осы бағыттағы игі бастамалардың бірі. Бұл – сапалы білім беру ісін жетілдіруге арналған қадам. Жалпы кез келген қоғамда ұстаздың орны бөлек. Ұстазға құрмет көрсетіп, қадірлеу – бәріміздің міндетіміз. Сондықтан мемлекет мұғалім мамандығының мәртебесін көтеріп, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек." делінген. Олай болса, мәртебеміз биік болып, осы жолда талмай еңбек етіп, Абайдың ойынан, өнегелі сөздерінен тағылым алып, елді, ұлтты, шәкірттерімізді Абайша сүюге тәрбиелеуіміз керек. Өйткені Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді деп ойлаймыз.