Размер шрифта:

Электрондық сандық қолтаңба

Дата: 2020-02-03 10:52:43

Ақпараттық технологиялардың арқасында бүгінгі күні әртүрлі қызметтерді электрондық түрде алуға болады. Электрондық қызметтерді алу кезінде маңызды жағдайдың бірі – электрондық сандық қолтаңба болып табылады (ЭСҚ). Ол сәйкестендіру және электроныдық түрде алынатын құжаттың заңды маңыздылығын растайтын құралы ретінде қолданады. ЭСҚ қалай пайдалануға болады және оның артықшылығы неде?

 

ЭСҚ дегеніміз не?

Электрондық-сандық қолтаңба бұл жасанды реквизиттен қорғауға арналған электрондық құжаттың реквизиті. Ол қолтаңбаның иесін теңдестіруге, сондай-ақ электрондық құжаттағы ақпараттың бұрмалануын болдырмауын мүмкіндік береді.

Электрондық сандық қолтаңбаның артықшылығы неде?

Санды қолтаңбаны қолдана отыра Сіздің мынадай мүмкіншіліктеріңіз бар:

1.  Облыстық ғана емес республикалық мемлекеттік органдардың виртуалдық қабылдауларға арыз түсіруді жүзеге асыра алады (берілген сервис Қазақстан Республикасының азаматтарының өзінің арыздарын мемлекеттік органдарға жолдауға жағдай жасайды және мемлекеттік органның тарабынан жауабын алуына кепілдік береді, және де арыздың статусын бақылауға мүмкіндік береді: мемлекеттік органға жеткізілді, атқарылуға жолданды, атқарылды және т.б.);

2. үйден шықпай мемлекеттік қызметтерді аптасына 7 күн ішінде тәулігіне 24 сағат ала аласыз.

3. электрондық саудаларда, бәссаудаларда және тендерлерде тауардлардың және қызметтердің ең қолайлы бағалық ұсынысты таңдауға және беруге.

ЭСҚ иеленуге қалай болады?

Электрондық-сандық қолтаңбаны www.pki.gov.kz ; www.egov.kz мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының сайтында онлайн өтінімді рәсімдеп немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтың жанындағы орналасқан Ұлттық куәландыратын орталықтың Тіркеу орталықтарында алуға болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу орталықтарында электрондық сандық қолтаңбаларының құралдарын алу бойынша Қызметтер ТЕГІН беріледі.

ЭСҚ алу тәртібі :

1.  www.pki.gov.kzwww.egov.kz сайтына шығу;

2.  Пайланушы нұсқауын жүктеп алу;

3.  Өтінімді табысты берген соң.

Сізге толтырылған мәліметтерген сәйкес құжаттарды өтінімде көрсетілген ХҚКО-на тапсыру керек. Оператормен Сіздің өтініміңізді тексерген соң сіздің мекен-жайыңызға сертификаттары бар 2 хат келеді. Нұсқау бойынша орнатылады және Сізге қажетті ақпараттық жүйеде жұмыс істейсіз.

Өтінімді онлайн берген соң 1 ай ішінде тіркеу жері бойынша қажетті құжаттарды, электрондық өтінімнің және толтырылған өтініштін нөмірлерін беру керек (егер 1 ай ішінде құжаттар ҚР ҰКО Тіркеу Орталығына берілмесе өтінімнің күші жойылады).

Жеке тұлғалар үшін құжаттар тізімі:

1. Өтінімнің нөмірі және өтініш берушінің қол таңбасы бар өтініш (бекітілген үлгідегі).

2. Тіркемелік куәліктің – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, ҚР төлқұжаты, қоныстауға арналған ықтиярхат, уақытша куәлік) және жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетумен телнұсқасы;

3.  Егер жеке тұлғаның өкілі өтініш берушінің атына, бірақ оның өзі Тіркеу Орталығында болмаса, Сертификатты алса, өзімен бірге қосымша жеке куәліктің және оның телнұсқасы, нотариалды куәландырылған СЕНІМХАТ (бекітілген үлгідегі), болмаса бас сенімхаттың түпнұсқасы және телнұсқасы болғаны қажет.

Заңды тұлғалар үшін құжаттардың тізімі:

1.  Өтінімнің нөмірі және өтініш берушінің қол таңбасы бар өтініш (бекітілген үлгідегі). Бизнес-сәйкестендіру нөмірі бар мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің телнұсқасы.

2. Тіркемелік куәліктің – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, ҚР төлқұжаты, қоныстауға арналған ықтиярхат, уақытша куәлік) және жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетумен телнұсқасы;

3. Тіркемелік куәліктің иесіне – өтінім берушіге заңды тұлғадан берілген сенімхаты (бекітілген үлгідегі). Бланк түзетуге және өзгертілуге жатпайды.

Ұйымның бірінші басшысына сенімхаттың керегі жоқ, жұмыс орнынан анықтамасы немесе тіркемелік нөмірі және ұйымның мөрі бар лауазымына тағайындау туралы бұйрықтың телнұсқасы керек. Құжаттың көшірмесі фирмалық бланкіден жасалуы және шынайы мөрі болуы тиіс.

Егер заңды тұлғаның өкілі өтініш берушінің атына, бірақ оның өзі Тіркеу Орталығында болмаса, Сертификатты алса, өзімен бірге қосымша жеке куәліктің және оның телнұсқасы, нотариалды куәландырылған бекітілген үлгідегі СЕНІМХАТ және өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттары болуы тиіс (жеке куәлік, ҚР төлнұсқасы).

Тіркеу Орталығының операторымен сіздің өтінімді растаған соң (Тіркеу Орталығына келіп құжаттарды тапсырғаннан кейін). Оператор сіздің өтініміңізді растайды. Бір, максимум екі күннің ішінде (Регламент бойынша бес күн ішінде) сіздің сұрау салуыңыз өңделеді және онлайн өтінімде көрсетілген сіздің поштаңызға сертификаттар келеді.

Автор: №7 МГ