Размер шрифта:

Асхана жұмысының сапасын тексеру қорытындысы

Дата: 2020-01-31 08:51:42
Асхана жұмысының сапасын тексеру қорытындысы

Асхана жұмысының сапасын тексеру қорытындысы

 

2019-2020 оқу жылының ІІ жарты жылдығында  жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 5 оқушы, аз қамтылған  жағдайы төмен 114 оқушы , көп балалы отбасынан 59оқушы, барлығы 178 оқушы тегін  ыстық тамақпен   қамтамасыздандырылып келді.

Мектептегі ыстық тамақпен қамтылған жетім,ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған  жағдайы төмен, көп балалы отбасы балаларының тегін тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтануын, асхананың талапқа сай жұмыс жасауын және балаларға берілетін  тамақтың сапасын тексеру барысында ай сайын бракераж комиссия мүшелері тексеріп отырады. Ыстық тамақтың  сапасы мен ұйымдастырылуына бақылауды мектеп директоры, кәсіподақ төрайымы, ата-аналар комитеті мен қамқоршылар кеңесінің өкілдері, мектеп медбикесі, әлеуметтік педагог тарапынан құрылған комиссия құрамы  жүзеге асырады және акт толтырылады. Ескертулер асхана қызметкерлеріне айтылады.Бракераждық комиссиямен тексеру кезінде мектеп асханасында тыйым салынған тағамдар анықталған жоқ. Оқушыларға берілетін  тағамдар сапасы мөлшерге сай ас мәзірі бойынша үнемі өзгеріп отырады. Буфетте тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады. Буфеттік тағамдардың бағасы 80-120 теңге аралығында.      

Мектеп асханасы  5 күндік жұмыс кестесімен жұмыс жасайды. Бір күнде  178 оқушы тегін ыстық тамақ ішеді,1157-ге жуық оқушы ыстық және буфеттік тамақпен қамтылып отыр. Асханаға бару кестесіне сайкес сынып жетекшілері оқушыларды тамақтануға алып келіп, тамақтарын тауысып жеуін қадағалап  жүреді.Тамақтар талапқа сай, ас мәзірі негізінде беріледі.

Айына 1 рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына жаппай тазалық жасалынып,дезинфекцияланады.

Автор: №7 МГ