«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ»
Дата: 2019-11-28 07:27:30
«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ бойынша 25 қазан мен 22 қараша аралығында «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» атты айлық өтті.
Мақсаты, балалардың бойында мейірімділік, адалдық сияқты жақсы қасиеттерді дамыту, зорлық зомбылық адам ағзасына қаншалықты әсер ететінін түсіндіру, адамгершілігі мол саналы азамат болып қалыптастыру.
«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» атты стенд жасалып, «Зорлық –зомбылықсыз өмірді қалай құруға болады» деген тақырыпта 9-11 сыныптар арасында эссе жазылды. «Зорлық –зомбылықсыз бақытты балалық шақ» тақырыбында 8 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өтті.
Жоғарғы сынып оқушыларымен «Аяулы алақан» тренингі өткізілді. Тренинг «амандасу-таныстыру» жаттығуымен басталды.