«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ бойынша «Қамқоршылар күніне» орай өткізілген іс-шара
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. Еркелетпе ұлыңды, бұзып жүрер жиынды. Еркелетпе қызыңды, барған жерде қиын-ды. Халық мақалы, панасызға пана болып, қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғанымен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық жасап, жүрек жылуын аямай жүрген қамқоршыларға арналып, 2019 жылдың 28 қазанында Балқаш қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназиясында әлеуметтік педагог Қанат Г.Д және мектептің өзін өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Жылулық жан шуағы!» атты тақырыпта қамқоршылар күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға биылғы оқу жылында мектебімізде ата – анасыз қалған, қамқорлыққа алынған 5 оқушылар өздерінің қамқоршыларымен қатысты. Дөңгелек үстелге сынып жетекшілер де ат салысты. Алғыс хаттармен және сыйлық пенмарапатталды. Ата – анасыз қалған, қамқорлыққа алынған балаларға жүрек жылуын сыйлап жүрген аналар мен әкелерімізді мерекелерімен құттықтап, жауапты істі қолға алған оларға алғыс айтып, алғыс хаттармен марапаттап, мықты денсаулық тіледі.