Размер шрифта:

«Ғибрат» дарынды оқушыларының ғылыми қоғамы

Дата: 2019-10-21 09:43:01
«Ғибрат» дарынды оқушыларының ғылыми қоғамы

Мектебіміздің «Ғибрат» дарынды оқушыларының ғылыми қоғамы өз жұмысын жалғастыруда. Директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары М.М. Амирбекова оқушылардың басын қосып,биылғы оқу жылындағы алғашқы отырысын өткізді.Отырыста топтың кеңесшісінен бастап, топ мүшелеріне дейін жеке жеке өз міндеттерін бөліп алды.Осы оқу жылы бойына жүргізілетін шараларға өз идеяларын ұсынды. Сонымен қатар мектебіміздің психологтары А.А.Кәрібек пен Г. К.Улукбанова «ғибраттықтармен»тренинг жаттығуларын өткізді. «Менің ерекшелігім» «Ақ парақ» жаттығулары, жақсы және жаман қасиеттер венн диаграммасы оқушылардың достық қарым қатынастарын,ұйымшылдықтарын арттыра түсті.