Өз балаңа үлгі бол
Дата: 2018-10-16 14:58:26
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» Отбасылық Тәрбиелеу Институтының нұсқауы бойынша С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 13.10.2018ж.күні «21 ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында 2-3-4 сынып оқушыларының ата-аналарына конференция ұйымдастырылды. Конференция мектеп директоры орынбасары Г.М.Манатаеваның алғы сөзімен басталды. Мектеп директорының орынбасары конференция қатысушыларына Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы ОРШЫБЕКОВ НҰРБЕК ӘБУБЕКҰЛЫНЫҢ үндеу хатын оқып берді А.К.Аханованың сөзінен кейін ата-аналарға «Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстан ата-аналар қауымдастығының» үндеу бейнеролигі көрсетілді. Бейнероликтен соң, мектеп директорының орынбасары 5-6-7сынып оқушыларының ата-аналары тап болатын проблемалар бойынша сөз кезегін мектеп психологі М.М.Оташеваға берді.