60 мемлекет және 13 халықаралық ұйым Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатындығын растады

Дата: 2016-03-19 04:01:31
60 мемлекет және 13 халықаралық ұйым Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатындығын растады

18.12.2015  Аустрия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растады. Бұл халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын растаған осымен 60-шы мемлекет.

Мұндай шешім Аустрия Үкіметінің бірлескен отырысында қабылданып, нәтижесінде Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне Аустрия Республикасы ресми нота жолдады.

Ғылым, зерттеу және экономика федеративті министрі Райнхольд Миттелленер (Reinhold Mitterlehner) атап өткендей, ендігі аустриялық компаниялар баламалы энергетика, энергоүнемдеу мен қоршаған ортаны қорғау бағытындағы үздік технологиялық жетістіктерін әлемге паш ете алады.  

Сонымен қатар, Аустрия көрмеге қатысуы үшін 4,8 млн.еуро жұмсауды жобалап отыр, оның төртен үш бөлігін Экономика министрлігі және қалған төрттен бір бөлігін Аустрияның Экономикалық палатасы көтеретін болады.  

Атап өту керек, Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі «Болашақ энергиясы»болып табылады.

Бүгінгі таңда 60 мемлекет пен 13 халықаралық ұйым «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын ресми нақтылады.

Автор: №7 МГ