Оңтүстік Қазақстан облысы және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ 10 млрд. теңгеден астам сомаға ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Дата: 2016-03-19 03:57:53
Оңтүстік Қазақстан облысы және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ 10 млрд. теңгеден астам сомаға ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

18.12.2015 «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Шорманов және облыс әкімінің орынбасары қатысқан қол қою рәсімі бүгін Шымкент қаласында өтті.

Іс-шара барысында Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тауар өндірушілерінің мамандандырылған көрмесі ұйымдастырылып, онда 50-ден артық отандық компания өз өнімін ұсынды. Бұлардың арасында: трансформаторлар, керамика, әрлеу-құрылыс материалдары, тоқыма, жиһаз, электр жабдықтары және т.б. Туристік фирмалар өңірдің барлық назар аударарлық жерлерін қамтитын үш күндік және бес күндік маршруттардың пакеттерін ұсынды.

Жас жаңашылдар өз кезегінде, ОҚО әлеуетін өздерінің «жасыл технологиялар» саласындағы зерттемелерімен көрсетті.

Сонымен бірге, өңірдің волонтерлерімен кездесу өткізілді. Сөз сөйлеу барысында Ербол Шорманов жастардың ЭКСПО-2017-ге волонтерлер ретінде қатысуларының маңыздылығын ерекше атап айтты.

«ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттерімен бірге, біз басқа елдерден келген адамдар біздің өңірлерімізге, назар аударарлық жерлерімізге бара алатындай туристік пакеттерді арнайы дайындап қойдық. Сондықтан біз өңірлердегі туроператорларды туристтермен жұмыс істеуге белсенді түрде қатысуға шақырамыз», - деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

Жалпы алғанда, кәсіпорындар мен ЭКСПО бас мердігерлері арасында 10 млрд. теңгеден астам жалпы сомаға ынтымақтастық туралы 5 меморандумға және 7 шартқа қол қойылды.

 

Бүгінгі таңда компания 13 облыспен және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен меморандумдарға қол қойды. 32 млрд. теңге сомасына 232 отандық тауар өндірушімен шарттар жасалды.

 

Автор: №7 МГ