Астана ЭКСПО-2017 аясында туризм мәселелерін талқылады

Дата: 2016-03-19 03:52:16
Астана ЭКСПО-2017 аясында туризм мәселелерін талқылады

14.12.2015 Хилтон қонақ үйінде «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен «ЭКСПО-2017 – жаңа туристік мүмкіндіктер» тақырыбына ұйымдастырылған практикалық конференция өтті.

ЭКСПО – энергетика мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылауға және жасауға арналған тиімді алаңқай ғана емес, біздің елімізге туристердің қомақты санын тарту мүмкіндігі де. Аталған конференцияда осы және туриндустрия саласының өзге де мәселелері мен даму перспективалары жайлы талқыланды.

«ЭКСПО-2017 туризмді дамыту «локомотиві» болып табылады. Бұрын болып өткен әлемдік көрмелердің тәжірибесі көрсеткендей, ЭКСПО өткізу өз жемістерін әкеледі және қонақ үйлердің, мейрамханалардың, демалу және көңіл көтеру орындарының кірістері түріндегі айтарлықтай экономикалық әсерін де береді»,- деді өз сөзінде ЭКСПО-2017 Комиссары Р.С. Жошыбаев.

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Р.С. Ошақбаев өңірлер үшін маңызы туралы айтты: «Дамудағы жаңа маңызды серпінді астананың ғана емес, оған жақын жатқан өңірлердің де шағын және орта бизнесі, ең алдымен – халыққа қызмет көрсету саласы, қонақ үй бизнесі және ішкі туризм алады».

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасының орынбасары Е. Шорманов басым нарықтар болып: Ресей (28 %), Қытай (19 %), ТМД елдері (17 %), Түркия (15 %), Еуропа елдері (13 %), Үндістан (8 %) және т.б. табылатынын атап өтті. Өйткені көрмеде жалпы алғанда 5 миллион қараулар мен 2 миллионнан астам келушілер болады деп күтілуде ғой.

Конференция барысында елге туристерді тартудан бастап, визаларды рәсімдеуге дейінгі тақырыптар қозғалды. Сондай-ақ ұсыныстар да айтылды.

Мәселен, «Hilton Garden Inn» қонақ үйінің Сату және маркетинг департаментінің директоры Алмас Нысанбаев «Recommended be EXPO» бағдарламасының қонақ үйлеріне келушілердің әрқайсысына оңай қолжетімді болатын бірыңғай жол көрсеткіштер қызметін құруды, мәдени-көпшілік іс-шаралардың өтетін орны көрсетілген арнайы карталарды немесе ағылшын тілін ғана емес, қытай, жапон және т.б. тілдерді қосып, бірнеше тілдегі ақпараттық брошюраларды жасауды» ұсынды. Сондай-ақ конференция қатысушылары оның телефондарға арналған мобильді қосымшаларды жасау жөніндегі бастамасын қолдады.

Конференция барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Туризм индустриясы одағының, сондай-ақ туроператорлар мен қонақ үйлер арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

  

Автор: №7 МГ