«Қазпошта» АҚ ЭКСПО-2017 серіктесі болды
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ «Қазпошта» АҚ-ымен ынтымақтастық туралы меморандум жасады.
«Қазпошта» «Көрме серіктесі» мәртебесіне ие болды, оның құрамына барлық тиісті демеуші артықшылықтары кіреді.
Салтанатты қол қою рәсіміне «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов және «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы Багдад Мусин қатысты.
«Қазпошта» Қазақстанның ұлттық пошта операторы болып табылады, және де бүгін қол қойылған меморандум ынтымақтастыққа қарай тағы бір қадам болып табылады. Тармақты пошта филиалдары жүйесінің көмегімен, осынау ірі ұлттық жобаны бүкіл Қазақстан ішінде және «Қазпошта» АҚ бар жерлерде ілгерілету мүмкін болады.
«ЭКСПО-2017» логотипі және көрме туралы ақпараттық материал баспа промоөнім бетінде, пошта бөлімшелерінде, банкоматтардың экрандарында орналастырылатын болады. Осыдан басқа, ЭКСПО-2017 кәдесыйларын және көрмеге кіру билеттерін ең үлкен қазақстандық дистрибуциялық жүйе арқылы сату жоспарлануда, бұл аумақтық тұрғыда бүкіл Қазақстанды қамтуға мүмкіндік беретін болады»,- деді А.Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма Төрағасы сөйлеген сөзінде.
«Елдегі ең тармақты филиалдар жүйесіне ие бола отырып, біз брендті еліміздің әр жерінде ілгерілету бойынша бірлескен жоспарды әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Дүниежүзілік пошта одағының мүшесі бола отырып, біз көрмені бүкіл әлемде өз серіктестеріміз арасында таратуға жағдай жасайтын боламыз», - деді Багдат Мусин, «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы.
Жасалған меморандум аясында «Қазпошта» АҚ Көрмені ілгерілету бойынша қызметтерді көрсететін болады. Осыдан басқа, көрмеге кіру билеттерін және кәдесый өнімін «Қазпошта» АҚ филиалдар жүйесі мен Интернет дүкені арқылы сату жоспарлануда.