Түрікменстан ЭКСПО-2017-ге қатысу шартына қол қойды
2015 жылдың 2 желтоқсанында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рапиль Жошыбаевтың Түрікменстанға жұмыс іссапарымен келді.
Ашхабадта Р.Жошыбаев Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы – Түрікменстанның Ұлттық секциясының комиссары Довран Оразмурадовпен және Түрікменстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Вепа Хаджиевпен кездесті.
Түрікмен Комиссарымен кездесу барысында «ЭКСПО-2017» аясында алдағы ынтымақтастық бойынша пікірлермен алмасып, қатысудың техникалық мәселелері талқыланды. Р.Жошыбаев Түрікменстан Астанадағы көрмеге қатысуды ресми түрде бірінші болып растаған елдердің бірі болғандығын атап айтып, Түрікменстанның павильоны ең көп келуші келетін павильондардың бірі болатынына сенімді екенін айтты. Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Д.Оразмурадов Түрікменстанға көрмедегі орталық павильондардың бірін бөліп бергендері үшін қазақстандық тарапқа алғыс айтып, өз елінің «жасыл энергетика» саласындағы жаңа зерттемелерін көрсетуге дайын екенін хабарлады. Елде «Түрікменстанның климатты өзгерту бойынша ұлттық стратегиясы» әзірленген, мұның басым бағыттары - энергия тұрғысынан тиімді және энергия үнемдейтін технологияларды ендіру, жаңғыртылатын энергия көздері саласын дамыту болып табылады.
Кездесу қорытындылары бойынша «ЭКСПО-2017» Комиссары Р.Жошыбаев және Түрікменстанның Ұлттық секциясының комиссары Д.Оразмурадов Түрікменстанның «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойды.
Бүгінгі таңда 55 ел мен 13 халықаралық ұйымнан қатысу туралы ресми растау хаттары алынып, 18 қатысу шартына қол қойылып, 30 секция комиссары тағайындалды.
Түрікменстанның сыртқы саяси ведомствосында Қазақстан мен Түрікменстанның өзара әрекеттесудің барлық аспекттері бойынша ынтымақтастығының жағдайы мен келешегі талқыланды.
Сондай-ақ сұхбат барысында тараптар Елбасының Қазақстан халқына арналған 2015 жылғы 30 қарашадағы жолдауында қойылған міндеттердің өзекті әрі мерзімді екенін атап өтті.