Размер шрифта:

Астанада Нидерландының «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы туралы келісімшартқа қол қойылды

Дата: 2016-03-19 03:07:23
Астанада Нидерландының «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы туралы келісімшартқа қол қойылды

2 желтоқсан 2015 жылы Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Нидерланды Премьер-Министрі Марк Рюттенің қатысуымен өткен келіссөздерден кейін құжатқа қол қойылды.

Атап айтқанда, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов пен Қазақстандағы Нидерландының Елшісі Ханс Дриссер 2017 жылы Астанада өтетін «ЭКСПО» көрмесіне Нидерланды елінің қатысуы туралы келісімшартқа қол қойды.

 

«Бізді қабылдап отырғандарыңыз үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Екі ел арасындағы қарым-қатынас өте жақсы деңгейде екеніне сенімдімін»,-деп тоқталды Марк Рютте ҚР Премьер-Министрімен кездесу барысында.

Сонымен қатар ол экономика мен тікелей инвестиция тарту тақырыбында талқылаулар жүргізуге ниетті екенін жеткізді.

«Елдеріміз арасындағы тауар айналымы айтарлықтай ауқымды. Бұл бағытта әлі де елеулі жетістіктерге қол жеткізуге болады»,-деді М. Рютте.

2014 жылы Қазақстан мен Нидерланды арасындағы тауар айналымы 9 млрд. 33,6 млн. долларды құрады. Ал биылғы қаңтар-қыркүйекте тауар айналым көлемі 4 млрд. 363,8 млн. долларды қамтып, оның ішінде Қазақстаннан аталған елге экспорт 4 млрд. 150,6 млн. теңге көлемінде болды.

  

Автор: №7 МГ