12.03.2015ж. облыстық семинардағы жасалған баяндама
Дата: 2016-01-15 04:17:10
Құрметті қонақтар, әріптестер! Мектебімізге хош келдіңіздер. Сіздерге оқу-тәрбие жұмысынан қысқаша түрде фрагменттер ұсынылды. Барлық жұмыс түрлерін аз уақыттың шінде көрсету мүмкін емес.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты » атты Қазақстан халқына Жолдауында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық Ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойылған.
Аталған міндетке орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысымен бекітілген Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарықабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасының мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.