Куба ЭКСПО-2017-ге қатысу шартына қол қойды

Дата: 2015-11-26 05:23:05
Куба ЭКСПО-2017-ге қатысу шартына қол қойды

18.11.2015

Ү.ж. 17 қарашасында ҚР СІМ ғимаратында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, «ЭКСПО-2017» Рапиль Жошыбаевтың Куба Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, Кубаның ЭКСПО-2017-дегі павильонының ұлттық секциясының комиссары Карлос Энрике Вальдес де ла Консепсионмен кездесуі өтті. Тараптар «жасыл энергетика» саласында одан әрі ынтымақтасудың келешегі жөнінде пікірлерімен алмасып, Кубаның астаналық көрмеге қатысуының мәселелерін талқылады.

Кездесудің қорытындылары бойынша Кубаның ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қою рәсімі өтті.

Кубаның әлемдік ЭКСПО көрмелеріне қатысуы 1852 жылы Лондондағы бірінші көрмеден басталады, сонда ол көрмеге Испанияның отары ретінде қатысқан. Куба өз қатысуын ресми түрде растап, Қатысу туралы шартқа бірінші болып қол қойған Латын Америка елдерінің бірі болды. Кубаның елшісі Консепсион мырза атап кеткендей, «осы оқиғалар екі елдің арасындағы саяси қатынастардың жоғары деңгейдегі іс-шарасы болып табылады. Куба ЭКСПО-2017 тақырыптамасының өзектілігін мойындап отыр және өзінің ағымдағы энергия матрицасын өзгертіп, 2030 жылға қарай өз энергиясының 24%-ын жаңғыртылатын энергия көздерінен жасап шығаруды көздеп отыр».

Автор: №7 МГ