Франция Халықаралық мамандандырылған Астана ЭКСПО-2017 көрмесінде ең үлкен павильондардың бірін таңдады
06.11.2015
Франция Астанада өткізілетін Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойды.
Келісімшартқа Елисей сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Франция Республикасының Президенті Ф.Олландпен кеңейтілген кездесуі барысында қол қойылды.
«Астан ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Франция мемлекетінің секция Комиссары Паскаль Лоро екіжақты келісімшартқа қол қойды.
Франция тарапынан тарапынан көрмеге қатысуға Франция Республикасының Экология және тұрақты даму министрлігі жауапты болды.
Франция павильоны Біріккен Араб Әмірліктері мен Бразияли/Аргентина елдерімен көршілес болады. Әрі 1083 шаршы мертрді құрайтын ең үлкен павильондардың бірінде орналасады.
* * *