«Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі!» «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-нің 5-сынып оқушылары полиция бөліміне танымдық экскурсия жасады. Экскурсия барысында оқушылар полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысып, заң талаптарын сақтау,
Дата: 2026-10-13 08:09:12
«Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі!»
«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-нің 5-сынып оқушылары полиция бөліміне танымдық экскурсия жасады.
Экскурсия барысында оқушылар полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысып, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп және жеке қауіпсіздік ережелері туралы пайдалы ақпарат алды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу және әрбір азаматтың жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
*Мақсаты:* оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға және тәртіпті сақтауға тәрбиелеу.