Размер шрифта:
↑

ОРВИ-ДІҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА Мектебімізде оқушылардың денсаулығын сақтау, маусымдық вирустық инфекциялардың алдын алу және жеке бас гигиенасын сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында педиатр дәрігермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Қалалық

Дата: 2026-10-12 16:07:38

 ОРВИ-ДІҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА
 
Мектебімізде оқушылардың денсаулығын сақтау, маусымдық вирустық инфекциялардың алдын алу және жеке бас гигиенасын сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында педиатр дәрігермен кездесу ұйымдастырылды.
 
Кездесуге Қалалық көпсалалы емхананың дәрігер-педиатры Ардақ Сагижановна қатысып, оқушыларға ОРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекциялар) туралы маңызды ақпарат берді.
 
Кездесу барысында ОРВИ-дің негізгі белгілері, оның алдын алу жолдары, жеке гигиенаны сақтау, қолды дұрыс әрі жиі жуу, бөлмені желдету, дұрыс тамақтану және күн тәртібін сақтау мәселелері түсіндірілді.
 
Дәрігер оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын айтып, ауру белгілері байқалған жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспай, ата-анасына хабарлап, медициналық маманға жүгіну қажеттігін ескертті.
 
Кездесу барысында оқушылар дәрігерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
 
Денсаулық – зор байлық!
Өз денсаулығыңа қамқорлық жасау – әр адамның жауапкершілігі!
Автор: №7 МГ