Заң мен тәртіп тұжырымдамасы Нашақорлықтың алдын алу – ортақ міндет!

Дата: 2026-10-12 16:05:59
Заң мен тәртіп тұжырымдамасы   Нашақорлықтың алдын алу – ортақ міндет!
Заң мен тәртіп тұжырымдамасы
 
 Нашақорлықтың алдын алу – ортақ міндет!
 
 15 қыркүйек күні «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-де білім алушыларға нашақорлықтың алдын алу және есірткінің зияны туралы түсіндіру мақсатында дәріс өткізілді.
 
Іс-шараға ЕҚҚІБ бастығы Шәкәрім Н.Е. және жедел уәкіл Бакзин А.С. қатысып, оқушыларға есірткі заттарының адам денсаулығына және болашағына тигізетін кері әсері туралы маңызды ақпараттар берді.
 
Кездесу барысында зиянды әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
 
 Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!
Автор: №7 МГ