Размер шрифта:
↑

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ Мектебімізде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында 8, 9, 10-сынып оқушыларының ұлдарымен профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге ЕҚҚІБ бастығы Шәкәрім Н.Е. және жедел уәкілі Бакзин А.С. қатысып, оқушыларға құқықтық с

Дата: 2026-10-12 16:04:43

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
 
Мектебімізде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында 8, 9, 10-сынып оқушыларының ұлдарымен профилактикалық кездесу өтті.
 
Кездесуге ЕҚҚІБ бастығы Шәкәрім Н.Е. және жедел уәкілі Бакзин А.С. қатысып, оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
 
Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы тәртіп, буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі және қауіпсіз мінез-құлық мәселелері кеңінен қозғалды.
 
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
 
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, заңды құрметтеуге, тәртіпті сақтауға және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға бағыт береді.
 
Заңға құрмет – елге құрмет!
Тәртіп бар жерде – қауіпсіздік бар!
Автор: №7 МГ