Салауатты өмір салтын ұстану — болашақ кепілі Мектебімізде оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, есірткі мен психотроптық заттардың, темекі, электронды темекі (вейп) мен насыбайды тұтынудың зияны туралы

Дата: 2026-10-12 15:59:01

Салауатты өмір салтын ұстану — болашақ кепілі

Мектебімізде оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, есірткі мен психотроптық заттардың, темекі, электронды темекі (вейп) мен насыбайды тұтынудың зияны туралы түсіндіру мақсатында дәріс өткізілді.

Сонымен қатар, «Ерекше күндерге» арналған тақырыптық ақпараттық материалдар таратылып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды қолдау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дәріс барысында оқушыларға адам денсаулығын сақтау, зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін кері әсері және олардың алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді. Жасөспірімдерге өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, дұрыс таңдау жасау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.

Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың денсаулығын қорғау, зиянды әдеттердің алдын алу және жастар арасында дұрыс өмірлік құндылықтарды қалыптастыру.

Автор: №7 МГ